click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 31 - қазан күні Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп -гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева ашты. Жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір. Қазіргі жазуымыз бірнеше ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеріп, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Елбасының алға қойған мақсат – міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс істеуіміз керек – деп өз ойын айтты. Ары қарай осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ауесбекова баяндама жасады. Баяндама бойынша Ю.Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Мырзахметова сөз алып, өз пікірін білдірді. Өз ойларын Ғ.Бердібаева, Е.Турсбаева М.Күнбасова, С.Гапарова, А.Надирбаев, А.Пірімқұлова, С.Оспанов ортаға салды. Сұрақтар төңірегінде мұғалімдер бір - бірімен пікір алмасты.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қошқарбаева да қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, кемел келешек жолында жасалып жатқан ауқымды іс екеніне тоқталды. Мұғалімдердің қойған сұрақтарына әдіскер Қ.Маутаева жауап беріп, дөңгелек үстел жұмысын қорытындылады.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі