click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 27 - қазан күні Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп -гимназиясының базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаңартылған білім мазмұны бойынша аудандық оқыту семинары өткізілді

Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп-гимназиясында жаңартылған білім мазмұны бойынша 5, 7-сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдерімен «Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі пәнінен оқыту негіздері» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева болашаққа бой түзеген, жаңалықтың жаршысы болған, қоғам, заман талабына сай білім берудің көшін бастаған шығармашыл мұғалімдермен, дарынды оқушылармен ерекшеленетін шоқтығы биік, киелі білім ордасы екендігін. Мектептің дамуы мұғалімнің білім деңгейі, ұстанымы, көзқарасына байланысты екені сөзсіз деп, ең әуелі мектепке керегі – білімді, жаңаша фарматта дамыған, бойында көшбасшылық қабілеттері басым ұстаз қажет  деп оқыту семинарын ашты. Мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұны бойынша әдістемелік көмек берді.  Оқыту семинарын ары қарай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары мен тренерлері Л.Сейдазимова, Б.Байхадамова, Г.Аманова, Г.Жарқынбаевалар жалғастырып, жаңартылған білім мазмұны байынша қойылған мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді. Әдіскер Қ.Маутаева  оқыту семинарын қорытындылады.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі