click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 25 - қазан күні Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп -гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында аудандық семинар - практикум өткізілді

 Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында аудандық семинар - практикум өтті. Семинар жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева ашып, жаңартылған білім мазмұны бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.  Мектеп-гимназия директоры Г.Жаманова семинарға қатысып отырған мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұнын бойынша мектептегі атқарылып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті. Семинар ашылғаннан кейін ұстаздар бағдарлама бойынша ашық сабақтарға қатысты. Қосақбаева Тоғжан 7«а» сыныбында «Денсаулыққа зиянды әдеттер», Байлиева Айнұр 5«в» сыныбында «Қызғалдақты сақтайық», Жүнісова Роза 7«в» сыныбанда Д.Дефо «Робинзон Крузо»,  Утегенова Шырын 2 «г» сыныбында «Балақай мен Карлсон», Трұсбаева Еңлік 5«а» сыныбында «Қонақ күту дәстүрі» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті. Сонымен қатар Кудериева Бақыт 10-сынып оқушыларымен «Эссе жазу жолдары» тақырыбында практикалық сабақ үлгісін көрсетіп, семинарға келген ұстаздар арасында эссе жазу бойынша  кері байланыс жүргізді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева семинар жұмысын қорытындылады.   

 

 

     

 

  

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі