click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Білім алушылардың үлгерімін бағалауды өткізудің жаңа үлгілік қағидалары» тақырыбында 2017 жылы 21 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5, 7-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен аудандық оқыту семинары өтті

  

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Н.Ақшабаев атындағы орта  мектебінің базасында 2017 жылы 21 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5, 7-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен «Білім алушылардың үлгерімін бағалауды өткізудің жаңа үлгілік қағидалары»  тақырыбында аудандық оқыту семинары өткізілді.

Семинарды білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Қ.Маутаева «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының тренері С. Қарымбаевамен бірлесіп ұйымдастырды.  Семинар жұмысына ауданнан 35  мұғалім қатысты.  Семинарға қатысқан пән мұғалімдері де өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту барысында өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып өз ойларымен де бөлісті.

Семинар жұмысын қорытындылау кезеңінде аудан мектептерінен келген мұғалімдер  оқыту семинарының жоғары деңгейде  өткендігі туралы айтты. Семинарға жоғары баға қойып, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар білім бөлімінің әдіскері  Маутаева Қарлыға Сейтханқызы  өз сөзінде семинардың жоғары деңгейде өткендігін айтты. Семинардың тақырыбы кең ауқымда алынып, өтілу бағдарламасы жүйелі жасалынғандығын айта келе, бұл семинардың алдағы аптада практика жүзінде жалғасы болатындығын атап өтті. Келген мұғалімдер өздеріне біраз қор жинап, біраз нәрсе үйреніп кеткендігін айтты.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі