click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Дене шынықтыру және спорт

«Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі» атты аудандық байқауы өткізілді.

Білім бөлімінің әдәстемелік кабинетінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі» атты аудандық байқауы өткізілді.

«Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі» атты аудандық байқауы ІV кезеңнен құрылды.
1 кезең- сырттай мұғалімнің жинақ папкасы
2 кезең- мұғалімдердің пән бойынша теориялық білімдері мен кәсіби
біліктілігін анықтау мақсатында тест жұмысы.
3 кезең- шеберлік сыныбы.
4 кезең- дене тәрбиесі мұғалімдерінің ширақтылығын, жылдамдығын, ептілігін, күштілігін, мергендігін, спорттағы кәсіби шеберлігін, біліктілігін анықтау мақсатында спорттық жарыстармен өткізілді.

«Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі» атты аудандық байқауға аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты орта білім беретін мектептерден 12 дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысып, өздерінің білімділігі мен ширақтықтылығын ортаға салды.

Бас жүлдені –Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақұлбеков Ғазиз иеленді.
І орынды- Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Ораз Назарбек иеленді.
ІІ орынды- Бурыл орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Үкібаев Ғалымжан иеленді
ІІІ орынды -Сарыкемер және Қостөбе орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жолдасов Алибек, Елеусинов Шыңғыс өз ара бөлісті

Аталған жарыстың облыстық ІІ кезеңі 2015 жылдың 12-13 қараша күндері №29 мектептің базасында өтті. Облыстық жарысқа аудан және қаладан 12 үміткер қатысып, өз бақтарын ортаға салды. Байзақ ауданынан ауданның намысын қорғаған Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақұлбеков Ғазиз жүлделі үштікке ілініп, облыстық байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі