click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінде «Іс- әрекеттегі зерттеу –мектеп пен мұғалімді дамытудың педагогикалық құралы» тақырыбында облыстық семинар – практикум өтті

  

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен  Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің базасында 29 наурыз күні «Іс- әрекеттегі зерттеу –мектеп пен мұғалімді дамытудың педагогикалық құралы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласынындағы филиалының директоры Е.Н.Кохаева қатысушыларға сәттілік тіледі. Осындай ауқымды семинарларды ұйымдастыру арқылы біз бір-бірімізбен жиі кездесіп, іс-тәжірбиемізбен бөлісеміз, облыс көлемінде осындай семинарлардың өзі деңгейлік курсты бітірген мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету болып табылатындығын атап көрсетті.

            Семинарға келген қонақтармен мектеп директоры Г.А.Есентаева: «Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма? Адам жақсы өмір сүру үшін, еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қою арқылы өз ойларын бөлісуге шақыра отырып, білім сапасын арттыруда бірлесіп жұмыс істеп, ортақ проблема анықтап, қалай шешу жолдарын дамыту туралы баяндамасын жалғастырды. Аталған мектепте 25 мұғалім деңгейлік курсты бітіргенін, олардың бүгінгі таңда мектептің жаңашылдық бағытында жұмыс жасап жатқанын атап өтті. 

 Семинарда І деңгей мұғалімдері А.Көпбаеваның «Тақырыпты меңгерудегі оқушылардың өз бетінше оқу әрекетін ұйымдастыру», Г.Кабулбаеваның «Диалогтік оқытуда зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың бірін-бірі оқытуы», Г.Айтымбетованың «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамытудың тиімді тәсілдері», С.Абдукаримованың «Организация групповой работы на уроке русского языка» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетуімен жалғасын тапса, ІІ деңгей мұғалімдері З.Нурахованың «Постановка SMART целей урока», Н.Егізбаевтың «Использование критического мышление в преподавании русского языка», С.Құсбекованың «Ішкі уәжді қосу арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеуге бейімдеу»

А.Досжанова «Сабақта жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдану» тақырыптарында коучингтер өткізу арқылы іс-тәжірибе алмасты.

ІІІ деңгей мұғалімдері: 1. Lesson Stady комитеті М. Қалиева Г.Бердыбаева Г.Сарсенбаева  В.Карибаева Сабақта критерийлерді  қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға бола ма?

2. Lesson Stady комитеті Б.Сатенова  Г.Асқарбаева А.Керимкулова Б.Медеуова  Р.Касыкбаева (Серіктес Берікқара  орта мектебі) Диалогтік оқыту арқылы мотивациясы төмен оқушылардың еркін  сөйлеу дағдысын дамыта аламыз ба?

3. Lesson Stady комитеті Ү.Сүгірбекова А.Төлепбергенова  М.Құрманова  А.Алдажанова Өзара бағалауды сабақта қолдану арқылы оқушының оқуын жақсартуға бола ма?

4. Lesson Stady комитеті Р.Маханбетова, Д.Қонарбаева,  О.Нурмаханбетова «Диалог арқылы оқушылардың математикадан сауаттылығын арттыруға бола ма?» тақырыптарында зерттеу сабақтарын бірлескен топта сыныптағы пробеманы қалай шешуге, қандай жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды шығармашылық жұмысқа баули отырып, пәнге деген қызығушылығын дамыту жолдарын көрсетті.

Курстан кейін қолдау мақсатында ПШО тренерлері А.Токтаганованың «Сабақты зерттеу тәсілі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде» Д.Бердибекованың "Исследование в действии - вмешательство с целью изменения» А.М.Нарегееваның «Сұрақ қою сыни ойлауды қалай дамытады?» тақырыптарында тренингтер өткізді.

Семинарға келген қонақтар өздерінің кері байланыстарын беріп, ашық микрофонда мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, оң баға берді.

 Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Е.Кохаева сабақ, тренинг, коучинг көрсеткен ұстаздарды «Алғыс хатпен» марапаттады.

 

  

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі