click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Мектептегі білім сапасын көтеруге заманауи көзқарас» тақырыбында бастауыш әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған семинар-тренинг өтті

         2016 жылдың 12-желтоқсанында Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында бастауыш әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған «Мектептегі білім сапасын көтеруге заманауи көзқарас» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты мұғалім жұмысындағы оқушылардың білім сапасын арттырудың неғұрлым тиімді білім беру технологияларын анықтай отырып, мұғалімдер белсенділігін арттыру.

          Семинар барысында мұғалімдер «Семинардан сіз не күтесіз?», «Ойлан-Жұптас-Талқыла», «Топтық жұмыс» бөлімдері бойынша «білім сапасы» мен «білім беру сапасы» ұғымдарын анықтап, осы бағытта өз тәжірибелеріндегі тиімді білім беру технологияларын ортаға салды.

 

 

 

Соңғы «Рефлексия» бөлімінде «Ойлаудың үш қалпағы» арқылы семинардың  «оң» жағы мен «сәтсіз» тұстары айтылып, ұстаздар алған әсерлерімен бөлісті. «Әр оқушы жеке тұлға, олардың болашағы біздің қолымызда. Осы жауапкершілікті сезіне отырып тәжірибе алмасу біз үшін өте маңызды» деп ой түйіндеді семинарға қатысушылар.

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі