click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытудың ұйымдастыру – педогогикалық шарттары» тақырыбындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік семинардың Анықтамасы

         2017 жылдың 17 ақпан күні Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытудың ұйымдастыру – педогогикалық шарттары» тақырыбындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік семинары өтті.

          Ғылыми – тәжірибелік семинарға Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы, Қордай ауданы, Меркі ауданы, Мойынқұм ауданы, Сарысу ауданы, Т.Рысқұлов ауданы, Талас ауданы, Шу ауданы, Тараз қаласы гимназия мектептерінің  директорлары мен  әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.

          Ғылыми – тәжірибелік семинардың мақсаты: Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту үшін ғылыми-әдістемелік ақпараттармен және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету.

          Ғылыми – тәжірибелік семинарды облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі Әлімбекова Әлия Сейсенқызы жүргізді. Семинарға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Өсерова Шахризада Асылбекқызы, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Абдимомынов Абдикарим Абдикаимұлы, Психология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ- нің «Психология және педогогика» кафедрасының оқытушысы Байбосынова Раушан Темірғалиқызы, Момынова Саламат Нәбиқызы, Тұрдалиева Шолпан Тұрсынбайқызы шақырылды. Облыстық ғылыми – тәжірибелік семинарға барлығы  72 адам қатысты.

        Семинарда «Адами капиталды дамытуда мектептің алатын орны»тақырыбындағы баяндаманы Абдимомынов Абдикарим Абдикаимұлы оқыды.                                        

         Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Өсерова Шахризада Асылбекқызы    «Жаңартылған білім мазмұнын енгізу жағдайында облыстағы педогогикалық инновациялар» тақырыбында, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің директоры Есентаева Гүлмира Ауесбайқызы «Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы»тақырыбында,    директордың эксперименттік ісі жөніндегі орынбасары Қошқарбаева Гүлбакира Тортайқызы  «Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы қосымша білім беру орталығының жұмыс жүйесі» тақырыбында баяндамалар оқылды.Психология ғылымының кандидаты.к, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің доценті, эксперименттің ғылыми жетекшісі Тұрдалиева Шолпан Тұрсынбайқызы оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту арқылы әлеуметтендіру мәселесі туралы айтты.      

        Тәжірибелік бөлімде үйірме мұғалімдері Р. Қосмұратова «Өнерлінің өзегі талмас», Ә.Абдіманапов Нотасыз домбыра үйрету «Еркем-ай» халық әні, А.Сатыбалдиев Анимациялық мультфильм түсіру «Ұстаздар мерекесі», Л.Қонысбекова Қолөнер түрлері(моншақпен, жіппен, кестемен жұмыс), М.Тұрсынбаева «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!», Макет жасау технологиясы «ЕХСПО-2017» Сейдуалиев Қайрат, Сәндік – қолданбалы өнер «Туған жерім –Қазақ елі» Алдабергенов Асылхан, Молданбаева Алма «Оттегі және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақтар, Усманова Хатиша Хұдайбергенқызы «Интеллектуалды ринг» тақырыбында білім мен біліктілік сайысын  көрсетті. Сабақтар «өте жақсы» деп бағаланды.

       Семинар соңында қатысушылардың кері байланыс парағындағы ұсыныстары талқыланып, семинар жұмысы өте жоғары деңгейде өтті деп қорытындыланды.

  

        

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі