click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 25 қаңтар күні Көктал орта мектебінің базасында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді

Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әр түрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Жаңарған мектеп алдындағы негізгі міндет басқару жүйесін түсіну мен оны нәтижелік тұрғысынан басқарудан тұрады. Мектеп басқарудағы менеджмент – педагогикалық проблемаларды шешудің жаңа жолдарын енгізуге, педагогикалық үрдісті жаңғырту арқылы жаңа нәтижелер алуға негізделген.

Көктал орта мектебінде «Ауыл мектебі жағдайында білім сапасын басқарудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысының аясында оқу-тәрбие үрдісіне сапа менеджменті жүйесін енгізу жұмыстары 2015-2016 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап жүргізіліп келеді.

Эксперименттік алаңның негізгі міндеттері – басқару жұмыстарының мазмұнын оқушының тұлғалық-бағдарлы тұжырым талаптарына сәйкес жаңғырту, «педагог – оқушы – ата-аналар» моделінің тиімділігін қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесін қалыптастыру болып отыр.

Эксперимент алаңындағы міндеттерді жүзеге асыруда атқарылған жұмыстар бойынша «Мектептегі білім сапасын басқару шарттары: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбындағы аудандық ғылыми-тәжірибелік семинарда көрсетілді. Семинардың мақсаты – Мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі білім сапасын басқарудың педагогикалық шарттарымен таныстыру, міндеттері – мектепте сапа менеджменті жүйесін қалыптастырудың басты кезеңдерімен, сапа менеджменті жүйесін енгізудің ерекшеліктерімен, білім сапасын басқару жүйесінің құрылымымен таныстыру болды.

Аудандық семинардың теориялық бөлімінде аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева семинар жұмысын ашып берді. Ары қарай филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Тұрарова  «Білім сапасын басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында, ғылыми жетекші Ж.Асабаева «Мектепте сапа менеджменті жүйесін қалыптастырудың басты кезеңдері» тақырыбында, мектеп директоры Э.Шолпанқұлова «Сапа менеджменті жүйесін енгізу – білім сапасын тиімді басқару құралы ретінде» тақырыбында семинарға қатысушылармен өз ойларын бөлісті.

Білім сапасын басқару жүйесінің құрылымындағы басқару үрдісі туралы «Мектеп жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудегі сапа менеджменті жүйесінің маңыздылығы» тақырыбында директордың инновациялық ісі жөніндегі орынбасары М.Өскенбаев, «Білім сапасын басқарудағы оқыту үрдісі» туралы директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Станбекова, тарих пәнінің мұғалімі Д.Халықов, «Білім сапасын басқару жүйесінің тәрбие үрдісі» туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Әліқұлова, «Дамыту үрдісі» туралы педагог-психолог К.Иманбаева мектепте жүргізген жұмыстары туралы баяндады. Директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Телеуова «Білім сапасын қамтамасыз етудегі мониторинг жүйесі» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі Р.Абдрахманова «Бастауыш сыныпта пәндік оқыту жүйесін енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында, ата-аналар тарапынан «Мектеп пен ата-аналардың шығармашылық серіктестігі» тақырыбында жүргізілген жұмыстар туралы өз тәжірибелерімен таныстырды.

Аудандық семинардың тәжірибелік бөлімінде семинарға қатысушылармен RWST тренері Г.Рәпілбекова «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасын оқу процесінде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында шебер-сынып, Ә.Демесінова «Ата-аналармен ынтымақтаса отырып, бірлескен жұмыс түрлерін ұйымдастыру», тақырыбында, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Абылхасова «Оқыту сапасын жоспарлаудағы сапа сызғышы» тақырыбында коучингтер өткізді.

Қорытындылау кезінде аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Тұрарова, ғылыми жетекші Ж.Асабаева, білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева, мектеп директоры Э.Шолпанқұлова қатысып, сұрақтарға жауап берді.

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі