click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 27 қаңтар күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық семинар-практикумы өткізілді.

Семинар - практикумның  тақырыбы:   Жаңартылған білім беру мазмұны:  болашаққа бағдарлану.

Семинар практикумның өткізілу  мақсаты:   Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында облыс мұғалімдері  арасында өзара тәжірибе алмасу ортасын құру.

Күтілетін нәтиже: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында   оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануы бойынша мұғалімдер өзара тәжірибе алмасады, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етеді.

Семинар практикумның   ашылуында, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің  басшысы – Усерова Шахризада Асылбекқызынаға  сөз берілді. «Оқу мен оқушы»  тақырыбында постер-сессия өткізілді. Постер-сессияда  оқушылар өздерінің пәнге байланысты жасаған постерлерін қорғады. Одан кейін  Жаңартылған білім мазмұны негізінде 1 – сыныптармен  ашық сабақтар жалғасын тапты. Онда 1«а» сынып  мұғалімі Рыспанбетова Лаззат Усеновна сауат ашу пәні бойынша «П дыбысы мен әрпі»;  1«ә» сынып мұғалімі Жамалова Айзада Камалдиновна математика пәнінен «Теңдік және теңсіздік»; 1«б» сынып мұғалімі Құрамысова Құралай Нақысбекқызы мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Серкебекова Эльвира Мейрамбековна математика мен ағылшын тілінен кіріктірілген  «Нәтиже сабақ»;  1 «в» сынып мұғалімі: Көшкінбаева Шолпан Жексенбековна мен орыс тілі пәні мұғалімі Садуова Зауреш Сапарбековна сауат ашу мен орыс тілі пәндерін кіріктіріп  интегралды сабақ өткізді.

         «Ағылшын тілін үйретуде белсенді әдістерді қалай қолдануға болады?» тақырыбында,  ағылшын тілі пәні мұғалімі: Балкенова Айжан Арыстановна  мұғалімдермен коучинг өткізді.  Қорытындылау кезеңінде : «Біз балалардан нені күтеміз және балалар бізден нені күтеді: болашақтан көзқарас»   тақырыбында панельдік талқылауды бастауыш сынып мұғалімі Султекенова Алтынгуль Кариевна  жүргізді. Панельдік талқылауға  Кушерова  Жанна  Еспалаевна Жамбыл облыстық  білім басқармасының

оқу-әдістемелік кабинетінің бастауыш сынып әдіскері,  Абдимоминов Абдикарим Абдукаимұлы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы, Усерова Шахризада Асылбекқызы  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы, Кохаева Есенкүл Нокрабековна Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының директоры, Альтаева Шакизат Құдайбергеновна, Нарегеева Агура Маарбановна Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының тренерлері, Есеналиева Майра Аманқұлқызы аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі  қатысып, сұрақтарға жауап берді. 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі