click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Іс-әрекеттегі зерттеу – мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында аудандық семинар – практикум өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Берікқара орта мектебінде 2016 жылы 22 желтоқсан күні «Іс-әрекеттегі зерттеу – мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар  мұғалімдерді іс-әрекеттегі зерттеу  түрлерімен және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдарымен таныстыру, іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында өткізілді.

Семинар барысында К.Мыңжасарова әдебиеттік оқу пәні бойынша 3 - сыныпта  «Мейірім» тақырыбында ағылшын тілі пәнімен кіріктірілген сабақ берсе, Н.Абдықалықова 5-сыныпта  қазақ тілінен  «Кірме сөздер» тақырыбында орыс тілі  және ағылшын тілі пәндерімен  кіріктірілген сабақ көрсетті. Ал Б.Сатенова  9-сыныпта география пәнінен ««Машина жасау өнеркәсібінің құрамы мен маңызы» тақырыбында  Lesson  study  өткізіп, соңынан «Оқушы үнін» жүргізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Асқарбаева  «Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргіземіз?»  тақырыбында  коучинг өткізсе, бастауыш сынып мұғалімі Р.Қасықбаева «Қалыптастырушы бағалау-сапалы білім негізі» тақырыбында коучинг өткізді.

Семинар жұмысын қорытындылау кезеңінде аудан мектептерінен  қатысушы мұғалімдер  семинардың жоғары деңгейде  өткендігі туралы айтты. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі  Есеналиева Майра Аманқұлқызы өз сөзінде  семинардың ұйымдастырылуы өте жақсы деңгейде өткендігін, өткізілген сабақтар дәстүрлі емес формада деңгейлік бағдарламаға сай өте қызықты өткендігі туралы, оқушылардың белсенділігі өте жоғары болғандығын айтып өтті. Семинарға жоғары баға қойып, шығармашылық табыс тіледі. Бұл мектепте деңгейлік курсты оқыған мұғалімдердің жұмыстары жүйеге қойылғандығы,  семинарға қатысқан мұғалімдер деңгейлік курс бойынша біраз тәжірибе алмасқандығы туралы да айтылды. Сонымен қатар білім бөлімінің әдіскері  Маутаева Қарлыға Сейтханқызы  өз сөзінде семинардың жоғары деңгейде өткендігін айтты. Семинардың тақырыбы кең ауқымда алынып, өтілу бағдарламасы жүйелі жасалынғандығын айта келе, бұл семинардың алдағы ақпан айында аудан көлемінде өткізуге ұсыныс жасады. Келген мұғалімдер өздеріне біраз қор жинап, практикалық тұрғыда біраз нәрсе үйреніп кеткендігін айтты.

Келешекте де осындай семинарлар жиі ұйымдастырылып, тәжірибелерімен бөлісулерін ұсыныс ретінде айтты.  Сөз соңында семинардың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқан мұғалімдер білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі