click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –халқымыздың ұлы мұраты» атты аудандық оқушылар арасында ғылыми конференциясы өтті.

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскерлері, ғылыми жетекшілер, баяндама жасайтын оқушылар, конференцияға қатысушы оқушылар, БАҚ өкілдері

        Ғылыми конференция Сарыкемер мектеп-гимназиясы оқушыларының концерттік бағдарламасымен ашылды. Конференцияның ерекшелігі үш тілде өткендігі.

Ғылыми конференцияға аудан мектептерінен 4 оқушы баяндама жасады.

Олар: 1) «Мәңгілік ел» идеясы ел дамуының жаңа сатысы» тақырыбында Н.Ақшабаев орта мектебінің 10-сынып оқушысы Кемелбекова  Аружан,

2) «Мәңгілік ел» - мечта наших предков» тақырыбында Бурыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қайшыбек  Базерке,

3) «Мәңгілік ел» идеясы- тәуелсіздік мұраты мен тарихи сабақтастығы» тақырыбында Сарыкемер мектеп-гимназиясының  11-сынып оқушысы Ерназаров Жанатбек,

4) «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы-халқымыздың ұлы мұраты»  тақырыбында Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Мырзаханов Санжар (ағылшын тілінде)

Аталған оқушыларға өз жұмыстарын қорғауға 15 минут уақыттан берілді. Сол уақыт ішінде оқушылар дайындап келген жұмыстарын презентацияларымен қорғап, Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылдың ішіндегі жеткен жетістіктерімізге тоқтала отырып, «Мәңгілік Ел» идеясына өз көзқарастарын білдірді.

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі