click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбында аудандық ең үздік ғылыми жобалар байқауы өтті

Оқушылардың діни сауаттылығын көтеру, діни экстремизм мен терроризмнің қаупіне қарсы тұру дағдыларын дамыту, дарынды жас зерттеушілерді анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында  Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбында аудандық ең үздік ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға қатысуға мектептерден 14 сұраныс түсті. Сұраныс берген 14 оқушы байқауға келіп ғылыми жобаларын қорғады. Байқаудың қорытындысы бойынша:

1-орын – Қалыбаева Айсұлу, Түймекент орта мектебінің 9-сынып оқушысы

2-орын: Көшербек Еркемай, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, Төлеген Ақнұр, Қазақстанның 40-жылдығы орта мектебінің 9-сынып оқушысы

3-орын – Турбаев Оразбек, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Алмаханова Динара, Берікқара орта мектебінің 9-сынып оқушысы

Облыстық ғылыми жобалар байқауына жолдама Түймекент орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қалыбаева Айсұлуға берілді  


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі