click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Қоғамдық гуманитарлық бағыт

Қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдерінің секциялық отырысы.

                                                       2016-2017 жыл

            Мұғалімдердің тамыз конференциясының алдында Байзақ аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйытқы болуымен Н.Ақшабаев атындағы орта мектепте “Білімді ел-мәңгі ел”  тақырыбында қоғамдық-гуманитарлық пәндер секциясының отырысы  өтті.

           Алқалы жиында  білім бөлімінің әдіскері И. Спаналиева  “Мәңгілік Ел” ұлттық идеясы  аясындағы мектеп: білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы жаңа амалдар” тақырыбында баяндама жасады.

          Баяндамашы жаңа оқу жылында  қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдерінің алдында тұрған  міндеттерге тоқталып,  оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдерін, біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдерді, білім берудің жаңарту жолдарын, сондай-ақ,  білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін ашып көрсетті. Әрі білім беру мекемесінде  әдістемелік істің басты ұраны:”Бірігіп еңбектену  педагогикасы” мен “Оқыту арқылы тәрбиелеудегі” ұстазға жүктелген ауқымды  міндетті іске асыру жайын әңгімеледі.

            Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан білім бөлімінің әдіскерлері Л.Бабашева “Тілдің үш тұғырлылығы-уақыт талабы”, А. Сұлтанбекова “Мәңгілік Ел” ұлттық идеясы-қазақстандық патриотизмді дамытудың басты бағыты” атты тақырыптарды қаузады.

            Пленарлық және секциялық болып  екі бөлімді құраған келелі  жиынға қатысушылармен  Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің педагог-психологі С.Азбергенова “Нұрға бөлеу” тақырыбында тренинг-жаттығу өткізді.

            Отырыстың екінші  жартысында  қазақ тілі мен әдебиетінің пән  мұғалімдері  “Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында белсенді стратегияларды қолдану арқылы мәтінге негіздеу принципін іске асыру” жайын, ал орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері “Оқушылардың білім мониторингісі филологиялық пәндерді сапалы оқыту критерийі”,  ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері “Үштілді білім беру жағдайында әлеуметтік-мәдени және коммуникативтік құзыреттіліктері  қалыптастыру”,  ал тарих, құқық және дінтану пәні мұғалімдері “Жас ұрпақтың құқықтық және азаматтық тәрбиесі-жаңа Қазақстан азаматын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі” тақырыптарын  талқылады. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті,  ағылшын  тілі пәні секцияларына жауапты әдіскер Л.Бабашева,  модератор Г.Ракулова оқу процесін ұйымдастыру, 2016-2017 оқу жылына арналған типтік оқу жоспарын жасау, әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастыру жайын сөз етіп,  өткен жылғы ҰБТ қорытындысына талдау жасап, оқу мен білім беру процесіндегі жаңа талаптар, тың жаңалықтар жайын баяндады.

Секциялық   бөлімдерде  талқыланған    мәселелер   бойынша  оған  қатысқан  ұстаздар  өзара  пікір  алмасып, ұсыныстар қабылдады.                                      

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі