click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Басты назарда -жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары

 Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев әлемде қалыптасып отырған қазіргідей  жағдайда стратегиялық шешімдер қабылдай алу шеберлігін айқын көрсетіп отыр.  Бұған Президенттің «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінде  жариялаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы айқын дәлел бола алады. Осы бір маңызды құжатты іске асыруда жауапкершілік жүгі ауыр. Алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік аппараттың да халықтың алдында адал болғаны абзал. Міне, осы жолда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – біздің білім бөлімі үшін басты міндет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі білім бөлімінің "2015-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар" жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын басшылыққа алып жұмыстар атқаруда.

Осы мақсатта бөлім тарапынан білім беру мекемелерінің көпшілікке көрінетін орындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған көрнекі плакаттар (буклеттер) орнатылып, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында сынып сағаттары, «Сыбайлас жемқорлық мәні, зардабы» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында шығарма жазу байқауы өткізілді. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың сегіз айында жеке және заңды тұлғалардан түскен 120 өтініштің 101-і жеке тұлғалардан (соның ішінде 19-ы арыз-шағымдар), 19-ы заңды тұлғалардан келген. Түскен арыздар заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде тексеріліп жауаптары өтініші иелеріне жіберілді. Бұдан бөлек, бөлім басшысының жеке қабылдауына 158 азамат тіркеліп, оларға заң аясында жан-жақты түсініктемелер берілді.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған мақалалар жергілікті басылым беттері мен білім бөлімінің сайтында тұрақты жариялануда.

2016 жылғы қыркүйек айында мектеп ұжымы және ата-аналар төрағаларының қатысуымен Бурыл, Сарыкемер және Жаңатұрмыс орта мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сауаттандыру жұмыстары, ата-аналардан, оқушылардан әр түрлі сылтаулармен ақша жинауға тыйым салу мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.

2016 жылғы 22 қарашакүні Сарыкемер орта мектебінің базасында мектеп ортасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Адал ұрпақ-болашақ негізі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мамандарының қатысуымен ісшара өткізілді. Бұл ісшараның мақсаты оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған.

Алдағы уақытта да бұл жұмыстар білім бөлімі тарапынан бақылауда ұсталып, өз жалғасын табатын болады.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі