click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2016 жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Білім бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында білім бөлімінің 2015-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын басшылыққа алып жұмыстар атқаруда.

Жоспар аясында жұмыстың орындалу айқындығын қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі және жалпы білім беретін орта мектептерде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары төмендегі тармақтар бойынша жүргізілді.

Атап айтқанда:

         5.2 тармақ бойынша:

Білім мекемелерінің көпшілікке көрінетін орындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған көрнекі плакаттар (буклеттер) орнатылып, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды.

         5.4 тармақ бойынша:

Білім мекемелерінің тәрбие жоспарларына «Сыбайлас жемқорлық мәні, зардабы» тақырыбы еңгізіліп, аталған тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.

         6.1 тармақ бойынша:

          «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында шығарма жазу байқауы өткізілді.

         6.2 тармақ бойынша:

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған мақалалар аудандық «Ауыл жаңалығы» басылымының 2016 жылғы 9 сәуірдегі №38-396 және 25 маусымдағы №65-66, 12 қазандағы №98 сандарында жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары жүргізілуде айдарымен білім бөлімінің сайтына мақала берілді.

Алдағы уақытта жоспарға сәйкес жоғарыдағы тармақтар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

2016 жылғы қыркүйек айында мектеп ұжымы және ата-аналар төрағаларының қатысуымен бөлім басшысы Д.Ускумбаева Бурыл, Сарыкемер және Жаңатұрмыс орта мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сауаттандыру жұмыстары, ата-аналардан, оқушылардан әр түрлі сылтаулармен ақша жинауға тиім салу мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Қазіргі күнде берілген тапсырмалар бойынша білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиналыстар өткізіліп хаттамалары жинақталған. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар білім бөлімі тарапынан бақылауда ұсталып, өз жалғасын табатын болады.

  2016 жылдың 8 айында білім бөліміне жеке және заңды тұлғалардан 120  өтініш түсті. Оның 101-і жеке тұлғалардан (соның ішінде 19-і арыз-шағымдар), 19-ы заңды тұлғалардан. (2015 жылы 152 өтініші, оның 122-і жеке тұлғалардан (оның 14-і мекеме басшыларының үстінен арыз-шағымдар), 30-ы заңды тұлғалардан. 

         Түскен арыздар заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде тексеріліп жауаптары өтініші иелеріне жіберілді.

2016 жылдың 10 айында білім бөлімі басшысының жеке қабылдауына 158 азамат тіркеліп, оларға заң аясында жан-жақты түсініктемелер берілді. (2015 жылы -16 азамат тіркелген)

                2016 жылдың 10 айында білім бөлімінің арыз-шағымдарына арналған жәшікке 2 арыз түсті. (2015 жылдың 10 айында арыз-шағымдарға арналған жәшікке түспеген).

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар білім бөлімінің 2016 жылғы мамыр айында өткен алқа мәжілісінде қаралып тиісті шешімдер қабылданды.

2016 жылдың 10 айында білім мекемелерінің басшыларына, қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілер орын алған жоқ.

 

 

         Бөлім басшысы                                                                 Д. Ускумбаева

 

 

 

орын: Ш. Әбдірәсілов, тел:7-90-46

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі