click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Д.Ч.Ускумбаева 1-сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен кездесу өткізді

Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің 1-сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына және 5 күндік оқу аптасына көшті.

Осыған байланысты, білім бөлімі тарапынан 1-сыныптың оқу үрдісінде туындаған проблемаларды бірлесе шешу мақсатында 2016 жылдың 4 қарашасында Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдерімен (1-сыныпта сабақ беретін) кездесу ұйымдастырылды.

Жалпы аудан бойынша 1-сыныптарда 116 бастауыш сынып мұғалімі (оның 95 арнайы курстық дайындықтан өткен) жұмыс атқарады. Оның ішінде: қазақ сыныптары – 102 (1982 оқушы), орыс сыныптары – 14 (288 оқушы).

Кездесу барысында бастауыш сынып мұғалімдері 1-сыныпты оқытудағы туындаған қиыншылықтар мен оны шешу жолдарын айтып өтті.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі