click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Жаратылыстану-математикалық бағыты

Тақырыбы:

Жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқыту әдістемесін жетілдіру,жаңарту       

арқылы білім сапасын арттыру.

 Мақсаты:

1.Жаратылыстану пәндерінің білім сапасын арттыру, жаңа  білім мазмұнын талапқа сай бағыттау және  сабақта қолдану.

 

 Міндеттері:

1.Білім сапасын жаңа технологиялық әдістер арқылы дамыту.

2.Пәнді оқытуда пәнаралық байланысты артты

3.Жаратылыстану пәндерін оқыту мен білім сапасын жоғары   деңгейге көтеру.

 

                           Халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық.

 

Халықаралық  TIMSS  PISA  негізгі зерттеуді жүйелі ұйымдастыру мақсатында  жауапты үйлестірушілерге  зерттеу жұмыстарының тапсырмаларының  үлгісі  дайындалып ұсынылды. Онда оқушылар, ата-аналармен жүргізілетін сауалнамалар үлгісі, тапсырмаларды дайындау және оқушылардан алынған жұмыстарға қалай талдау жүргізу керектігі көрсетілген. .

                                         

 

Математика пәнінен  семинар өткізілді.

«Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы –оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы  » тақырыбында  семинар – практикум өткізілді.Онда  Жаңа технологияның педагогикалық негізгі қасиеттері туралы айтылды. Жаңа технология үрдістерінің талабы –оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру, сабақтағы үш мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу туралы айтылды. Соңында тақырыпқа сай коучинг өткізілді.

 

 

 

Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы

 Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болғандықтан, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылыми дамытудың 2016 - 2019жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өз аясында дұрыс деңгейде жүзеге асыру мақсатында Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі   мемлекеттік бағдарламада көрсетілген жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру  оқу бағдарламаларын жетік меңгерген  оқушылар туралы индикатор  төмендегідей жоспарланып отыр:

 

Индикатор

2016  жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Жоспар бойынша

нақты

Жоспар бойынша

нақты

Жоспар бойынша

нақты

Жоспар бойынша

нақты

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру  оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың  үлесі

59.9

61.3

62.2

 

63.5

 

65.3

 

 

 

         Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі 2016 жылы жоспар бойынша 59,9 пайыз болса  нақты 2015-2016 жылғы оқу жылының соңында   61.3 пайыз болып, жоспарлаған пайыздан    1,4  пайызға  жоғарылады.

 

   Байзақ ауданы бойынша жаратылыстану –математикалық пәндер бойынша мамандарды ағылшын тілінде  оқытуға  сұраныс.

Аудан бойынша  білім бөліміне қарасты мектептерден 10 мектеп пән мұғалімдерін  ағылшын тілінде дайындауға  сұраныс беріп отыр.

Ғ.Мұратбаев  мектеп-гимназиясы 8 мұғалім, Жамбыл орта мектебі  5 мұғалім, Бурыл орта мектебі 10 мұғалім, Ленин орта мектебі 5 мұғалім, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебі 4 мұғалім, Үлгілі орта мектебі 6 мұғалім, Дихан орта мектебі 1 мұғалім, Сарыкемер орта мектебі 5 мұғалім, Берікқара орта мектебі 4 мұғалім, Мырзатай орта мектебі 11 мұғалімге  сүраныс беріп отыр. Жалпы аудан бойынша  59 мұғалім дайындық курсынан өту керек.

 

Он-лайн  сабақ өткізілді.

 

Ғ.Мұратбаев  мектеп – гимназиясының   физика  пәні мұғалімі Қ.Сейдибаев  9 сынып оқушыларымен «Основы космановтики» тақырыбында облыс көлемінде  он-лайн сабақ  өткізіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі