click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді жаңартылған мазмұнда оқытудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аудандық семинар-кеңес болып өтті

Семинар-кеңеске шақырылғандар:Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскерлері, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндерінің мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

Семинар-кеңестің мақсаты: Білім беру үдерісінде білім беру мазмұнын жаңартуға, білім сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған, ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік инновацияларды тәжірибеге енгізу,  жаңартылған білім беру бағдарламасының маңызы мен ерекшелігін, қолданылуын ашып көрсету, өзара тәжірибе, пікір алмасу.

Семинар жұмысы аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиеваның алға сөзімен басталды. Сонымен қатар, семинар басында аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет туралы түсінік бере отырып, семинар-кеңес бағдарламасымен таныстырды.

4 секцияға бөлінген семинар барысында Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы туралы, Бастауыш мектептегі оқу бағдарламасындағы өзгерістері, білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары, критериалды бағалау туралы тақырыптар қозғалды.

Жаңартылған бағдарлама бойынша білім бөлімінің әдіскерлері И.Спаналиева, Л.Бабашева, Ә.Қуатова, сонымен қатар Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері Е.Тұрысбаева, С.Ничаева, М.Джаманкулова, Ж.Ақбаева, Қазақстанның 40-жылдығы  атындағы орта мектебінің мұғалімдері У.Сүгірбекова, А.Ахметова, Г.Абдукаримова, Г.Оразбаева, Сарыкемер орта мектебінің мұғалімдері Б.Ақшаева, Э.Серкебекова, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің мұғалімі Ш.Сүйеншбаева, Берікқара орта мектебінің мұғалімі Б.Сатенова, Бурыл орта мектебінің мұғалімі М.Рысбаевалар  бағдарлама аясында құнды ойларын ортаға салып, тәжірибелік сабақтарды жүргізді. Жаңартылған бағдарлама бойынша қалыптастырушы бағалау туралы ойлар топтарда талқыланып, соңы пікірталасқа ұласады.

Семинар-кеңес соңында секция отырыстарының қорытындысы шығарылды.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі