click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Информатика пәнінен шығармашылық байқау өткізілді.

2016 жылдың 21  қазан күні аудандық  информатика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауын І,ІІ кезең өтті.

 

Информатика пәні  мұғалімдері байқауының мақсаты мен  міндеттері:

информатика пәні мұғалімдерінің белсенділігі мен шеберлігін арттыру;

жергілікті жерлерде оқушыларды олимпиадалар мен байқауларға  дайындаумен айналысатын информатика пәні  мұғалімдерін анықтау;

информатикадан күрделілігі жоғары есептерді программалау біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру; өз бетімен білімін  жетілдіріп жүрген ізденімпаз мұғалімдерді қолдау;

информатика пәнін оқыту саласындағы мұғалімдердің шығармашылық іс-тәжірибелерін насихаттау және тарату;

оқушыларды түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға дайындауда жоғары нәтижелерге жету үшін белсенді жұмыс жүргізетін информатика пәні мұғалімдердің сапасын арттыру.

      Байқауға білім  беру мекемелерінен 14 мұғалім қатысты. Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде Сарыкемер орта мектебінің  мұғалімі Нарымбекова Алия Рысқұлбекқызы, І дәрежелі дипломмен Көктал орта мектебінің Дилимбетова Ақнұр Оразқызы, ІІ дәрежелі дипломмен Ешмуратова Сандуғаш Сейсенғалиевна, ІІІ дәрежелі дипломмен Айнекова Айжан  Ескермесовна марапатталды.Сонымен қатар Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Рысқұлова Ляззат  Дузмухаметқызы аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің алғыс хатымен марапатталды.

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі