click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Ауданның білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары бойынша өткізілген іс-шаралар туралы

Аудан әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында білім бөлімінің 2015-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын басшылыққа алып жұмыстар атқаруда.

Жоспар аясында жұмыстың орындалу айқындығын қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі және жалпы білім беретін орта мектептерде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары төмендегі тармақтар бойынша жүргізілді.

Атап айтқанда:

         5.2 тармақ бойынша:

Білім мекемелерінің көпшілікке көрінетін орындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған көрнекі плакаттар (буклеттер) орнатылып, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды.

         5.4 тармақ бойынша:

Білім мекемелерінің тәрбие жоспарларына «Сыбайлас жемқорлық мәні, зардабы» тақырыбы еңгізіліп, аталған тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.Балабақшаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала», «Үйрен жақсы әдептен», «Игілікті істер», «Инабаттылық әдептілік», «Әдептілік әліппесі» тақырыптарында тәрбие беру ісшаралары өткізілді.

         6.1 тармақ бойынша:

          «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында шығарма жазу байқауы жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың қазан айында білім беру мекемелерінде өткізіледі.

         6.2 тармақ бойынша:

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша өткізілген іс-шаралар аудандық «Ауыл жаңалығы» басылымының 2016 жылғы 9 сәуірдегі №38-396 және 25 маусымдағы №65-66 сандарында жарияланды.

Алдағы уақытта жоспарға сәйкес жоғарыдағы тармақтар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Білім бөлімінің алқа мәжілісінде «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында алға қойған міндеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қоғам болып жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізу, мектептерде оқушылар мен ата-аналардан, мұғалімдерден ақша жинауға қатаң тиім салу және мектеп ұжымы мен ата-аналардың қатысуымен жиналыстар өткізу мектеп басшыларына тапсырылды.

Қазіргі күнде берілген тапсырмалар бойынша білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиналыстар өткізіліп хаттамалары жинақталған. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар білім бөлімі тарапынан бақылауда ұсталып, өз жалғасын табатын болады.

  2016 жылдың 9 айында білім бөліміне жеке және заңды тұлғалардан 120  өтініш түсті. Оның 101-і жеке тұлғалардан (соның ішінде 19-ы арыз-шағымдар мекеме басшыларының үстінен), 19-ы заңды тұлғалардан. (2015 жылы 152 өтініші, оның 122-і жеке тұлғалардан (оның 14-і мекеме басшыларының үстінен арыз-шағымдар), 30-ы заңды тұлғалардан. 

         Түскен арыздар заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде тексеріліп жауаптары өтініші иелеріне жіберілді.

2016 жылдың 9 айында білім бөлімі басшысының жеке қабылдауына 158 азамат тіркеліп, оларға заң аясында жан-жақты түсініктемелер берілді. (2015 жылы -16 азамат тіркелген)

                Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар білім бөлімінің 2016 жылғы мамыр айында өткен алқа мәжілісінде қаралып тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

         Бөлім басшысы                                                                 Д. Ускумбаева

 

 

 

 

 

орын: Ш. Әбдірәсілов, тел:7-90-46

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі