click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Математика пәнінен шығармашылық байқау өткізілді

2016 жылдың 27-28  қыркүйек күндері   аудандық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауының  1,2   кезеңдері өтті.

Байқаудың мақсаты пән мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік ізденістегі шығармашыл  педагогтарды анықтау, озық іс-тәжірибені жариялау және тарату. Байқауға 16  орта мектептердің мұғалімдері қатысты.

Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының  мұғалімі Садуақасова Құлпынай, ІІ дәрежелі дипломмен  Н.Ақшабаев  атындағы орта мектебінің мұғалімі Байтанаева Динара, ІІІ дәрежелі дипломмен  Қазақстанның 40 жылдығы  атындағы орта мектебінің мұғалімі Нұрмағанбетова Орынкүл, Сарыкемер орта мектебінің мұғалімі  Ишанкулова Күлипа, С.Абланов атындағы  орта  мектебінің мұғалімі Якупова Канзия арнайы номинациямен марапатталды. Сонымен қатар Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі жас маман Аманжолова Асыл аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің алғыс хатымен марапатталды.

 

 

 

                                                                            

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі