click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Мектеп оқушылары арасында «Жасөспірім және заң» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Байзақ ауданы бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған №1 мобильдік топтың 2016 жылдың қыркүйек айындағы жоспарға сай 2016 жылдың 24 қыркүйек күні мектеп оқушылары арасында «Жасөспірім және заң» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге барлығы 92 адам қатысты:

 

  1. Айтжанова Зухра Борисовна - Байзақ ауданы прокуратурасының аға

 прокуроры, топ жетекшісі;

  1. Асанбаев Қайрат - Байзақ ауданы ішкі істер бөлімі ЮПТ

ұйымдастырушысы, полиция майоры;

  1. Симбиев Алихан Азимханович - Байзақ АІІБ-ң ӘПБ ЮПТ УПИ, полиция

 капитаны;

  1. Өнетаев Нұркен Наятұлы - Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас

маманы;

  1. Иманбекова Фатима Тұраровна - Байзақ ауданы әкімдігінің білім

бөлімінің әдіскері;

  1. Біржанова Эльмира Сәбитқызы - Н.К.Киікбаев атындағы орта мектебінің

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

      7. М.Манапбаев-  Сарыкемер орта мектебінің директордың құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

       8. Рахимова Г.У.- Н.К.Киікбаев атындағы орта мектебінің педагог- психологі;

       9. Рыспанбетова Ләззат - Ата-аналар комитетінің төрайымы.

 

Сонымен қатар І мобильдік топқа тиісті  Қазақстанның 40 жылдығы о.м., Киікбаев о.м., Сарыкемер о.м., Гагарин о.м., Ғ.Мұратбаев мектеп- гимназиясы, Қосақ  негізгі  мектебінің сынып  жетекшілер мен   9-11 сынып оқушылары.

        

Дөңгелек үстел барысында  жасөспірімдер арасында жасалған қылмыс түрлері мен оның себеп салдарының  шығуына байланысты дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар шақырылған қонақтарға сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.  Сонымен қатар құқықық бұзушылыққа қатысты заң аясындағы жасөспірімдерге қолданылатын тәртіптік жазалардың түрлерімен танысты.

          


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі