click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданындағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуын зерделеу туралы

 Байзақ ауданы білім бөлімінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі №430  бұйрығына сәйкес Байзақ ауданындағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінің ұйымдастыру деңгейі зерделенді. Зерделеуді жүргізген аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Абдурасулов Ш. Н., бас маман Удерова Қ. Ч., бас үнемдеуші Дүрмекбаева Г. К., әдістемелік кабинет меңгерушісі Есеналиева М. А., әдіскерлер Амреева Ұ., Бабашева Л., Рысқұлбеков Ғ.

         Зерделеуге Киікбаев, Абланов, Гагарин, Алтынсарин, Бурыл, Көктал, Пушкин, Амангелді, Жаңатұрмыс, Королевка, Сухамбаев,  Қарасу о.м мен Мұратбаев м-г қамтылды. Тексеру барысында оқушылардың сабаққа қамтылуы және мұғалімдердің оқу жылына дайындығы тексерілді.

         Зерделеу қорытындысы 17.09.2016 ж. Сарыкемер  орта мектебі базасында  өткізілген бастық жанындағы кеңесте қаралды. Зерделеудің қорытынды анықтамасын сектор меңгерушісі Ш.Абдрасулов оқыды.

         Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Д.Ч.Ускумбаева мектеп басшыларына мектептегі оқу-тәрбие үрдісі мен санитарлық- гигиеналық

нормаларды талапқа сай ұйымдастыруды тапсырды.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі