click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі Білім бөліміне қарасты №1 орта мектебінің ашылу салтанаты туралы 2016 жыл,1 қыркүйек

2016 жылдың 1 қыркүйек күні Байзақ ауданының Түймекент ауылында №1 орта мектебінің ашылу салтанаты өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» Стратегиясында білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтарын айқын көрсетіп берген болатын. Соның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соғылған 300 орындық орта мектеп пайдалануға беріліп, Түймекент ауылындағы үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді.

Бүгінгі күні мектеп табалдырығын 450 оқушы аттаса, оның ішінде 75 бала 1-сынып оқушылары. Өскелең ұрпаққа 35 мұғалім білім мен тәрбие беретін болады.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы Қарашолақов Бағлан  Жиенәліұлы, және ауданымыздың құрметті азаматтары қатысты.

Облыс әкімі мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас түлектерге Елбасымыздың сыйлығы «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыс етті.Сонымен қатар, жас түлектерді жаңа оқу жылымен Түймекент ауылдық округінің соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Оразалы Төлендіұлы Бозай құттықтап, ауыл азаматтары атынан Елбасына зор ризашылығын білдірді.

         Еңбек жолынының алғашқы қадамын жаңа мектепте бастағалы отырған  «Дипломмен - ауылға» жолдамасының иегері, жас маман, математика пәнінің мұғалімі Асанов Олжас Жұмабекұлы өз сөзінде жақсы педагог, тәжірибелі ұстаз болуға ұмтылатынын айтты.

                                       

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі