click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі

Білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінің баспасөзбаяны

Мерзімі: 2016 жылғы 25 тамыз, сағат 09.00-де.

Болатын орны: Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі.

Тақырыбы: «Білімді ел – мәңгі ел».

Қатысушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы, Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев, оның салалық орынбасарлары, аудандық мәслихаттың хатшысы Тлепов Нұржан Сейдазымұлы, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы, аудандық ардагерлер кеңесі, бөлім басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ұстаздар қауымы, жергілікті БАҚ өкілдері.

Тамыз кеңесінің мақсаты: Ұстаздар қауымымен жасалған жұмыс, атқарылған міндеттер мен жеткен жетістіктерді ой елегінен өткізіп, алда тұрған басты негізгі мәселелер жөнінде пікір алысып, білім саласының жұмысын жаңа серпіліспен  бастауға бағыт беру.

Білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру-Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы халқымыздың ежелгі арманы «Мәңгілік Ел» биігіне жетер жолды анықтап, алда атқарылар межелі істерді белгілеп берді. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған.

Байзақ ауданының білім жүйесі қызметі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, жалпы орта және мектептен тыс білім беру желісін қамтиды.

Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі барысында аудандық білім беру саласының жұмысы бейнефильм арқылы баяндалып, "ХХІ ғасыр жағдайында Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беруді жаңғырту: болашаққа бағдар" тақырыбында Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызының баяндамасы тыңдалады.

Сонымен қатар, мәжіліс жарыссөзінде Сарыкемер орта мектебінің директоры Нәметқұлов Мұхит Жанұзақұлы "Заманауи білім беру ұйымы басшысының зерттеушілік, жобалық және тәжірибелі-эксперименттік әрекеттері", Бурыл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Үкібаева Құралай Ысқаққызы "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясы негізінде оқушыларды патриотизмге, азаматтық, толеранттылық және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу", "Гүлсім" балабақшасының әдіскері Уразбекова Нағима Баймаханқызы "Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі мазмұнын жаңарту" тақырыптарында және  жас маман Дихан тірек мектебіне матемтаика пәнінен «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген Молдабекова Таңшолпан Әлиқызы жұмысқа орналасудағы қуанышымен бөлісіп сөз сөйлейді. 

Бүгінгі күн - білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына, білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне, болашақ мамандардың сауатты, білімді болуына байланысты болып отыр. Мұны білім саласына деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырғандығының дәлелі деуге болады.  Осыған байланысты кеңесте облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Сәтбекқызы мен аудан әкімі Мұратхан Жүісәліұлына сөз беріледі. 

Білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

Ел болашағын қалыптастыру - ұстаздар қауымынан басталады.

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі