click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданының білім мекемелерінде «Мектепке барар жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда.

     

 2016 жылдың 1-30 тамыз аралығына Байзақ ауданының білім мекемелерінде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда.  2016 жылдың 23 тамызында А.Суханбаев атындағы орталық паркте аудандық «Мектепке барар жол» акциясы ұйымдастырылып, 14 балаға  аудан әкімінің, аудандық «Нұр Отан» партиясының, іскер әйелдердің, демеушілердің тараптарынан мектепке қажетті спорттық формалар, кроссовкалар, сумкалар,  кеңсе тауарлары тапсырылды.

Акцияның қорытындысы  аудандық «Ауыл жаңалығы» газетіне «Балалар қуанышқа бөленді» (24.08.2016 ж., №84)  атты айдарымен жарияланды.

 Аудандағы мемлекеттік мекемелер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына  аз қамтамасыз етілген отбасылардың  15 баласына  150000 теңге көлемінде көмек беріп, куртка, сөмке, аяқ киім, кеңсе заттарын алды.Жалпы алғанда 1-30 тамыз аралығында аудан бойынша 9 051 000 мың теңге көлемінде 2148 бала мектеп формаларымен, кеңсе тауарларымен, басқа да мектепке керекті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, мектеп ұжымдарының және аудан  бөлімдерінің демеушілігімен 1803 балаға  8 044 000 теңге көлемінде, бюджет есебінен 345 балаға 1 007 000 теңге көлемінде көмек берілді.«Мектепке жол» акциясы аясында бүгінгі күнге дейін 246 рейдтік  іс шаралар жүргізіліп, 422  аула  араланып, оған 395 мұғалім қатысты.

 

 

  


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі