click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданында үздік түлектерді марапаттау салтанаты өтті.

Биылғы оқу жылында аудан бойынша 669 түлек мектеп бітіріп, ұядан қияға ұшты. Үлкен өмірге жолдама алған мектеп бітірушілердің 449-ы ҰБТ-ге қатысуға өтініш білдірді. Солардың 420-сы қазақ тілінде, 29-ы орыс тілінде Ұлттық бірыңғай тест тапсырып, өз білімдерін сынаса, қалған 220 түлек  мектеп қабырғасында мемлекеттік емтихан тапсырды.

2016 жылдың 17 маусымы күні  аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбаев «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін қабылдады.

Ұлттық бірыңғай тест нәтижесінде түлектердің ішінде 7 оқушы «Алтын белгі», 12 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.

Аталмыш қабылдауда аудан әкімі үздік көрсеткіштерге жеткен «Алтын белгі» иегерлері Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының түлектері Арайлым Мұхтарова (116 балл) мен Жанболат Нұрмаханұлы (108 балл), Н.Киікбаев атындағы орта мектептің түлегі Аида Ділдәқұл (115 балл), Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің түлегі Бауыржан Шуртанов (113 балл), Түймекент орта мектебінің түлегі Ақжарқын Айтбек (112 балл), С.Абланов атындағы орта мектебінің түлегі Аида Абаханова (109 балл), Кеңес орта мектебінің түлегі Шалқар Кеңесбек (109 балл), «Үздік аттестат» иегерлері Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының түлектері Мадина Нұржан (106 балл), Абылай Бекбосын (97 балл), Малика Бактыбекова (96 балл), Айгүл Жақсығұлова (96 балл), Н.Киікбаев атындағы орта мектептің түлектері Гүлзат Ибрагимова (104 балл), Қамар Избасқанова (101 балл), Ауесай Дәулетова (95 балл),  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Тоқжан Құрмантаева (113 балл), Көктал орта мектебінің түлегі Алина Қуанышбек (112 балл), Чапаев орта мектебінің түлегі Аяужан Абуталипова (104 балл), С.Абланов орта мектебінің түлегі Мөлдір Жамбылова (102 балл), ең жоғары 117 балл жинаған Жамбыл атындағы орта мектебінің түлегі Бекарыс Шалабаевтарды шын жүректен құттықтап, осының барлығы ұстаздар қауымының еселі еңбегінің арқасында екендігін айтты. Сондай-ақ, түлектердің еліміздегі үздік деген жоғары оқу орындарына түсіп, білікті маман болып шығып, еліміздің, ауданымыздың өсіп-өркендеп, көркеюіне, зор үлестерін қосады деген лебізін жеткізді.

Өз кезегінде жақсы білім мен тағылымды тәрбие алған жас түлектер атынан сөз сөйлеген Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің оқушысы Бауыржан Шуртанов ұстаздар мен ата-аналар сенімін ақтап, ел тізгінін ұстайтын азамат болуға тілектестігін білдірді.

Cалтанатты шара барысында әуелеген әсем әндер мен күмбірлеген күй орындалды.

Осындай жүрекжарды лебізінен соң ауданымыздан жоғары көрсеткіштерімен ауданның, ата-аналарының, ұстаздарының мерейін үстем еткен биылғы оқу жылында оза шауып, бәйге алған «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» құжаттары және бағалы сыйлықтарды салтанатты жағдайда табыс етті.

Осылайша, санасы қиялға, кеудесі арманға толы түлектеріміз болашаққа деген іңкәр сезімге, жүрекке арқа сүйеген армандарын жүзеге асыратын жарқын болашаққа қанат қақты.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі