click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы бойынша 2016 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы

Биыл Байзақ ауданы бойынша 2016 жылдың 3,5,7 маусым күндері мектеп бітірушілер  ҰБТ ӨП-те  ұйымдасқан түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыстырылды. Жалпы аудан мектептерінің түлектері 669, ҰБТ-ге 449 (67,1%)  қатысты (өткен жылы – 430 (64,8%).

Тестілеуге қатысқандардың  93,54%  (420) қазақ тілінде, 6,45% (29) орыс тілінде тапсырды. Аудандық қатысу пайызынан (67,1%) төмен мектептер:  Чапаев (66,6%) , Сейфуллин (61,54%), Гагарин (60%), Түймекент (57,3%), Гоголь (56%), Абланов (54,29%), Алтынсарин (53,3%), Көктал (50%), Бурыл (42,3%), оролевка, Ленин (28,57%) орта мектептері.

 

Аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 75,56-ы құрады, ол  өткен жылмен салыстырғанда  10,29-ге  төмендеді  (2015 жыл -85,85).   Орташа балл көрсеткішінде  өсу динамикасы 4 мектепте бар:  Абай о.м., Мырзатай о.м, Чапаев о.м., Сейфуллин о.м..  Ал  қалған 23 мектепте орташа балл көрсеткіші төмендеуде.   

Соңғы үш  жылдағы ҰБТ-ның  орташа балл қорытындыларын салыстыратын болсақ    Үш мектепте Абай орта мектебі, Чапаев орта мектебі, Мырзатай орта мектептерінде үш жыл қатарынан орташа балл көрсеткіштерінде өсу динамикасы бар.

Қалған мектептерде тұрақсыздық байқалады, ал орташа балл көрсеткішінде төмендеу динамикасын көрсететін мектептер  жоқ.                             

 

Биылғы жылы ҰБТ-ға қатысқан 27 мектептің 9- да орташа балл көрсеткіші облыстық көрсеткіштен (78,71 балл)  жоғары  (өткен  жылы ҰБТ-ға қатысқан 27 мектептің 21-інде орташа балл көрсеткіші облыстық көрсеткіштен (78,6 балл)  жоғары болған). Бұл мектептердің тізімінде Абай о.м. (91,18 балл), Чапаев о.м. (89,25 балл), Гагарин о.м.   (88,16 балл), Жамбыл  (86,5 балл), Сарыкемер о.м.   (83,07 балл), Ауезов о.м.  (81,25 балл) Кеңес о.м.(80,36 балл), Абланов о.м.  (80,1 балл)   Мырзатай о.м.(79,42 балл)    Аудандық орташа балл көрсеткішінен (75,56 балл) 27 мектептің   16-да орташа балл көрсеткіші  жоғары.  Бұл тізімге жоғарыда аталған 9 мектепке 7 мектеп қосылады: Мұратбаев м-г (78,5 балл), Бурыл о.м. (78,4 балл), Көктал о.м. (78 балл), Суханбаев о.м. (77,66 балл), Ақбозов о.м.  (77,57 балл), Дихан о.м. (77,2 балл), Киікбаев о.м. (75,96 балл).

 

   - Аудан бойынша ең жоғары орташа балл 91,18-ді Абай атындағы орта мектебі алса, ең төмен 47 балды Ленин орта мектебі көрсетті.

 

  - 100-ден астам балл жинаған бітірушілер үлесі өткен жылғы  22,1%-дан (95 оқушы)  9,1 %-ге  (41 оқушы)  төмендеді.

-  Өткен жылы ең жоғары   120 балды Түймекент орта мектебінің оқушысы Жайсан Айжан алса,  үстіміздегі жылы 117 балды Жамбыл орта мектебінің оқушысы Шалабаев Бекарыс алды.

  

- 50 баллл шекті деңгейге қол жеткізе алмағандардың үлесі 38 оқушы  (9,23%) (өткен жылы 8 оқушы  (1,86%)). 

Атап айтатын болсақ шекті деңгейден өтпеген    

Түймекент о.м., Қазақстанның 40 жылдығы о.м.  -7 оқушы ,

Ақшабаев о.м. және Мұратбаев м-г – 4 оқушы ,

Киікбаев о.м. -3 оқушы,

 Үлгілі, Алтынсарин, Уалиханов, Сейфуллин о.м. -2 оқушы 

Гоголь, Мырзатай, Королевка, Бурыл, Ленин орта мектептерде 1 оқушы .

       

 «Алтын белгіге»  ұсынылған 15 үміткердің 46,7%-ы (7 оқушы) өз білімдерін дәлелдеді ( өткен жылы 91,66%-ы  (11 оқушы).  

Атап айтқанда  Киікбаев орта мектебінің 4 үміткердің 1-і Ділдақұл Аида 115 балл,     Мұратбаев мектеп-гимназиясының 4 үміткердің 2-і: Мұхтарова Арайлым- 116 балл, Нұрмаханұлы Жанболат-108балл,   Түймекент орта мектебінің 1 үміткердің 1-і, ол Айтбек Ақжарқын -112балл,  Абланов орта мектебінің  оқушысы Абаханова Аида-109 балл Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің үміткері Шуртанов Бауыржан – 113 балл, Кеңес орта мектебінің оқушысы Кеңесбек Шалқар -109 балл мен  «Алтын белгі» белгісінің иегерлері болып отыр.

       

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2016 жылғы 8 маусымдағы кіріс № 2946 хатына сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белі» аттестатын алуға үміткер ҰБт-да барлық пәндерден бір балл жетпеуіне немесе «төрт» бағасын алуына байланысты жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын растамаған жағдайда тоқсандық, жылдық және емтихандағы үздік бағаларын (болған жағдайда) ескере отырып орташа арифметикалық баға негізінде қойылған «үздік» бағасының негізінде оған жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі және  дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады деп айтылған.

 

 Осыған орай,  ҰБТ-да өз білімдерін дәлелдемеген 7 үміткер Үздік аттестат иегерлері қатарына қосылады.

Сонымен  биылғы жылы  аудан бойынша Үздік аттестат иегерлері саны – 9,  олар

1)Үздік аттестатқа 5 үміткердің өз білімін дәлелдеген  2 оқушы (олар Шалабаев Бекарыс -117 балл (Жамбыл о.м.), Қуанышбек Алина-112 балл (Көктал о.м.))        

2) «Алтын белгі» алу үшін 1 үміткерге – 1 балл жетпей Үздік аттестат иегері қатарына қосылған   Алтынсарин атындағы  орта мектебінің оқушысы   Құрмантаева Тоқжан -113 балл (өткен жылы 3+1 Үздік аттестат иегері болған).

3) орташа арифметикалық баға негізінде қойылған «үздік» бағасының негізінде «Алтын белгі» үміткерлеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат 6 оқушыға беріледі.

 2016 жылдың 3 маусым күні  Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында   Киікбаев орта мектебінің оқушысы Әлмахан Қымбат, ұялы телефонды аудиторияға алып кіргені үшін  аудиториядан  шығарылды.  Бұл оқушы «Алтын белгі» иегері. Бүгінгі күні оқушымен және оның ата-анасымен мектеп әкімшілігі және мектеп психологы тарапынан  түсіндірме жұмыстары  жүргізілуде. Сонымен қатар білім бөлімі тарапынан психологиялық көмек көрсету ұйымдастырылуда. 

Оқушы мектепте  2016 жылдың 9-17 маусым аралығында  мемлекеттік емтихандарды тапсыруға дайындалу үстінде.

 

 

 

Басшы                                                           Д.Ускумбаева

 

 

Орындаған: К.Удерова


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі