click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Әдістемелік кабинет қызметі

Аудандық білім бөлімінің

2016 жылғы 22 тамыздағы

№394бұйрығымен бекітілген

 

БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

2016 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу түрі

Жауаптылар

  1. Ақпараттық-талдау қызметі

Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру

1.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

Удерова К.

Дурмекбаева Г.

Есеналиева М.

2.

Қазақстан Республикасының «Тіл  туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

Есеналиева М.

Спаналиева И.

3.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

зерттеу,

анықтама

Абдурасулов Ш.

 

4.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

Унетаев Н.

5.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл ішінде

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

6.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» №258 Конституциялық Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

зерттеу ,

анықтама

Абдурасулов Ш.

Иманбекова Ф.

Ағатаева М.

7.

«Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

8.

Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Унетаев Н.

9.

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы  туралы» Кодексінің орындалуын қамтамасыз ету

белгіленетін мерзімде

ақпарат

Унетаев Н.

10.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктері туралы» Заңының  талаптарының орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Есеналиева М.

Иманбекова  Ф.

Шаухаров А.

11.

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектелген балаларға әдістемелік  медициналық түзету жағынан көмек көрсету туралы» Заңының  орындалуын қамтамасыз ету

әр жарты жылда

ақпарат

Удерова Қ.

12.

Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қараусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңын жүзеге асыру (Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Жарлығымен бекітілген)

жыл ішінде

ақпарат

Унетаев Н.

Иманбекова Ф.

Ағатаева М.

13.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

14.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің орындалуын қамтамасыз ету

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

15.

Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандығы №986 Жарлығымен бекітілген)

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

ІІ.Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын,жарлықтары мен

тапсырмаларын жүзеге асыру

Іс-шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу түрі

Жауаптылар

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы

іс-шаралар жоспарына сәйкес

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

2.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жыл 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

атты Қазақстан халқына Жолдауы

іс-шаралар жоспарына сәйкес

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

 

3.

Ұлт жоспары –  Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың-100 нақты қадамы

іс-шаралар жоспарына сәйкес

ақпарат

Абдурасулов Ш.

Удерова Қ.

Есеналиева М.

4.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

 

ІІІ. Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар,қаулыларды жүзеге асыру

1.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген)

іс-шаралар жоспарына сәйкес

ақпарат

Абдурасулов Ш.

Удерова Қ.

Дурмекбаева Г.

Есеналиева М.

 

2.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  ( Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусым №110 Жарлығымен бекітілген)

жыл бойы

ақпарат

Есеналиева М.

Спаналиева И.

3.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 Қаулысымен бекітілген)

жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

4.

«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары»(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 Қаулысымен бекітілген)

іс-шаралар жоспарына сәйкес

ақпарат

Абдурасулов Ш.

Удерова Қ.

Есеналиева М.

 

5

«Нұр Отан» ХДП «Қазақстан 2017 мақсаттары ұлттық іс-қимыл жоспары»

Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспар

іс-шаралар жоспарына сәйкес

ақпарат

Абдурасулов Ш.

 

6.

«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу  мөлшерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №383 Қаулысы)

жыл бойы

ақпарат

Унетаев Н.

7.

«Жетім балаларды, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру  және олар туралы ақпаратқа  қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы  №382 Қаулысы)

жыл бойы

ақпарат

Унетаев Н.

8.

«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 Қаулысы)

жыл бойы

ақпарат

Унетаев Н.

9.

«Жетім баланы және /немесе/ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі №787 Қаулысы)

жыл бойы

ақпарат

Унетаев Н.

10.

Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №139-р Өкімі)

жыл бойы

ақпарат

Иманбекова Ф.

Ағатаева М.

Сабитбекова Р.

11.

Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №11 өкіммен бекітілген)

Жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

Удерова Қ.

Есеналиева М.

Дурмекбаева Г.

Спаналиева И.

12.

«Жалпыға ортақ  Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары ( Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №8 өкіммен бекітілген)

Жыл бойы

ақпарат

Абдурасулов Ш.

13.

«Болашағы Біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспары (Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №10 өкімімен бекітілген)

Жыл бойы

ақпарат

Абдурасуов Ш.

 

14.

Жамбыл облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға  арналған бағдарламасы  (Жамбыл облыстық  маслихаттың 2012 жылғы 24 тамыз №7-8 шешімімен бекітілген)

Жыл бойы

ақпарат

Есеналиева М.

Иманбекова Ф.

Сабитбекова Р.

15.

Жамбыл облысында  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  қолдау көрсету жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары (Жамбыл облысты әкімдігінің  2015 жылғы 5 мамыр №94 Қаулысымен бекітілген)

Жыл бойы

ақпарат

Унетаев Н.

ІV. Аудандық білім бөлімінің алқа мәжілісінде қарауға

ұсынылатын мәселелер

Қаралатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1.

Аудандық білімі бөліміне қарасты білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының орындалуы туралы (Қарасу, Ақбозов, Ақшабаев, Суханбаев, Берікқара о.м, Маметова, Қосақ н.м )

тамыз

Унетаев Н.

Удерова Қ.

Иманбекова Ф.

2.

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мен техника және өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы

тамыз

Абдурасулов Ш.

Шаухаров А.

3.

Білім мекемелерінде «Мектепке барар жол» акциясын ұйымдастырып өткізу туралы

тамыз

Удерова Қ.

4.

Байзақ ауданы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу жағдайы мен мектепке дейінгі білім мекемелерінің жұмыс мазмұнын зерделеу(Айшуақ, Айнұр, Ақбота, Болашақ, Ақжар, Алтын ұя, Балдаурен, Балбөбек, Дариға апа, Нұрай б/б)

қазан

Есеналиева М.

Маутаева Қ.

Алимбекова Б.

Нургелова А.

5.

Ерекше  білім  берілуіне қажеттілігі бар балаларды  қосымша білім берумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын зерделеу

қазан

Удерова Қ.

Есеналиева М.

 

6.

Аудандық  ПМПК-ның ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды анақтау, есепке алу, олардың дамуындағы  ерекшеліктеріне сәйкес  арнайы білім беру және жалпы орта білім беретін мектептерге жіберу жөніндегі жұмыстарын зерделеу

қазан

Есеналиева М.

Иманбекова Ф.

Сабитбекова Р.

 

7.

Білім бөліміне қарастыбілім мекемелерінде «Жасөспірімдер арасында 2015-2017 жылдарға арналған  суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарының» орындалуы туралы

қазан

Есеналиева М.

Ағатаева М.

Сабитбекова Р.

8.

Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізу жұмыстарын талдау (Ақшолақ, Ақшабаев, Сейфуллин, Түймекент, Ленин,  Мырзатай о.м мен Аққия, Жаңасаз, Ботамойнақ б.м)

қазан

Абдурасулов Ш.

Есеналиева М.

9.

Қазақстан Республиасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балаларды қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының орындалу жағдайы

желтоқсан

Иманбекова Ф.

Сабитбекова Р.

Ағатаева М.

10.

2016 жылға жоспарланған бюджеттік өтінімдердің жобасы мен жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары туралы

желтоқсан

Дүрмекбаева Г.

 

V. Аудандық білім бөлімі басшының жанындағы кеңесте

 қаралатын мәселелер

Қаралатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1

Білім беру мекемелерінің оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдармен қамтылу жағдайы

қыркүйек

Иманбекова Ф.

2

Жалпыға бірдей білім беру айлығының қортыныдысы

қыркүйек

Удерова Қ.

3

Байзақ ауданының жалпы білім беретін  мектептерінде педагог кадрларды іріктеу жұмыстарының жай-күйі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Қазақстан  Республикасының заңының орындалуы туралы

қараша

Абдурасулов Ш.

4

2016 жылы ҰБТ-дан төмен нәтиже көрсеткен  білім мекемелерінің оқу жоспарының вариативті бөлігінің  орындалуы

қараша

Удерова Қ.

Есеналиева М.

 

5

Жалпы  білім беретін мектептерде  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, пайдалану және қолдану жұмыстарын  зерделеу.

қараша

Иманбекова Ф.

Шаухаров А.

Ағатаева М.

6

А. Суханбаев атындағы о.м мамыр айындағы зерделеу қорытындысы бойынша жасалған түзету жұмыстарының нәтижесі туралы

қараша

Есеналиева М.

 

VI. Сараптамалық кеңестің жұмыстары

 

Қаралатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1.

11-сынып оқушылары арасында математика, Қазақстан тарихы,ана тілі пәндері бойынша тестинг-бақылау өткізу,бітірушілердің білім деңгейіне сараптамалық талдаудың қорытындысы

Қыркүйек-желтоқсан

Удерова Қ.

Есеналиева М.

 

2.

Дихан тірек мектебіндегі педагогикалық эксперименттердің барысы туралы

қараша

Есеналиева М.

Маутаева Қ.

3.

Эксперименттік алаңдардағы жүргізілген жұмыстардың барысы туралы

желтоқсан

Есеналиева М.

Маутаева Қ.

VII. Әдістемелік кеңестің жұмыстары

Қаралатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

№4 кеңес

1

2015-2016 оқу жылындағы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің атқарған жұмыс есебі

тамыз

Есеналиева М.

2

2015–2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру, талқылау.

тамыз

Есеналиева М.

3

Мектептерде «Тәрбиенің кешенді бағдарламасын» жүргізу талаптары мен жолдары

тамыз

Иманбекова Ф.

4

2015-2016 оқу жылындағы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының рейтингі

тамыз

Амреева Ұ.

№5 кеңес

1

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мекемелерде аттестаттаудан өтуге өтініш берген  педагогтардың біліктілік талаптарына талдау жүргізу

қазан

Есеналиева М.

2

Аудан мектептеріндегі ҰБТ-ға дайындаудың қадамдық жоспары мен тақырыптық тест алу жұмыстарының мазмұнын талқылау

қазан

Есеналиева М.

3

Эксперименталды алаңдардың жұмысының жүйесі мен нәтижесі туралы

қазан

Маутаева Қ.

4

Мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарының сапасы туралы

қазан

Иманбекова Ф.

Сабитбекова Р.

5

Балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірме жұмыстарының барлық бағыттарына қатысуы туралы статистикалық мәліметтер базасын дайындау туралы

қазан

Иманбекова Ф.

Ағатаева М.

Сабитбекова Р.

6

Халықаралық TIMSS, PISA оқушылардың білім жетістігін зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылу деңгейі

қазан

Амреева Ұ.

Өмірзақова Э.

№6 кеңес

1

Аудандық білім беру мекемелеріндегі педагогтардың курстық дайындықтан өту есебі

желтоқсан

Құлмаханбетова Н.

2

Аудан мектептеріндегі негізгі пәндердің оқытылу сапасы туралы (жаратылыстану-математикалық бағыт,  қоғамдық-гуманитарлық бағыт, ҰБТ-ға дайындаудың қадамдық жоспарлары мен тақырыптық тест алу жұмыстарының мазмұны туралы)

желтоқсан

Есеналиева М.

Амреева Ұ.

Спаналиева И.

3

Мектептегі «Ата-аналар қоғамдық кеңесі» жұмыстарының нәтижелілігі

желтоқсан

Ағатаева М.

Сабитбекова Р.

4

Білім мекемелерінде бастауыш сыныптарда білім берудің жағдайы туралы

желтоқсан

Алимбекова Б.

Нургелова А.

         

VIІІ. Білім беру мекемелеріне әдістемелік көмек ұйымдастыру жұмыстары

 

Аудандық білім бөлімінің 2016 жылғы 16 мамырдағы №297 бұйрығына сәйкес әдістемелік көмек көрсетілетін

мектептердің тізімі

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1

Қостөбе о.м

21 қыркүйек

Есеналиева М

2

Қарасу о.м

5 қазан

Есеналиева М

3

Ленин о.м

19 қазан

Есеналиева М

4

Мырзатай о.м

2 қараша

Есеналиева М

5

Королевка о.м

16  қараша

Есеналиева М

6

Әуезов о.м

Ақшолақ о.м

30 қараша

Удерова Қ.

Есеналиева М.

7

Амангелді о.м

Жаңатұрмыс о.м

7 желтоқсан

Удерова Қ.

Есеналиева М

8

Түймекент о.м

14 желтоқсан

Есеналиева М

 

ІХ.Білім сапасын арттырудағы ақпараттық-аналитикалық іс-әрекеттер

Іс-шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Қортындысы

Жауаптылар

1

Республикалық, облыстық, аудандық деңгейде өткізілген іс-шаралар нәтижесі туралы мәліметтер жинақтау

жыл бойы

Мәліметті сайт беттеріне орналастыру

Удерова Қ.

Құлмаханбетова Н.

2

Дарынды балалармен жүргізілген жұмысты жинақтау 

жыл бойы, мамыр

Талдау жүргізу

Спаналиева И.

3

Мұғалімдердің сапалық құрамы туралы мәлімет жинақтау

қыркүйек

Сапалық құрамы туралы мәліметтер базасы

Удерова Қ.

Құлмаханбетова Н.

4

Марапаттауға ұсынылатын педагогтардың  базасын дайындау

қыркүйек

Мәліметтер базасы

Удерова Қ.

Құлмаханбетова Н.

Рысқұлбеков Ғ.

5

Шағын жинақталған мектептердің (ресурстық орталықтың) оқушыларының даму диагностикасы

қазан

 

мониторинг

Маутаева Қ.

6

2016-2017 оқу жылында балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірме жұмыстарының барлық бағыттарына қатысуы туралы статистикалық  мәліметтер базасын дайындап, талдау жасау

қараша

анықтама

Иманбекова Ф.

Сабитбекова Р.

Шаухаров А.

Ағатаева М.

7

Тоқсан қортындысы бойынша білім сапасының мониторингі

қараша

желтоқсан

мониторинг

Удерова Қ.

Құлмаханбетова Н.

Рысқұлбеков Ғ.

Х.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары

Қаралатын іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1

Балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының  алдын алу және күнкөрісі төмен отбасылардың оқушыларын жаңа оқу жылына  дайындауға қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепке барар жол»акциясын өткізу

1тамыз-

1қыркүйек

Есеналиева М. Иманбекова Ф.

Сабитбекова Р.

Ағатаева М.

2

Білім беру мекемелері арасында «Жоспарлар шеруін» өткізу

тамыз

Есеналиева М.

Амреева Ұ.

Спаналиева И.

3

Балабақша қызметкерлеріне арналған «Жазғы сауықтыру мезгілінде балалардың тамақтануына дәрумендерді дұрыс қолдану» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізу

тамыз

Есеналиева М.

Алимбекова Б.

4

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында  «Жоспарлар шеруін» өткізу

тамыз

Есеналиева М.

Алимбекова Б.

5

Білім беру мекемелерінде оқу кабинеттерін паспорттаудан өткізу

тамыз

Абдурасулов Ш.

Есеналиева М.

Дурмекбаева Г.

6

Тамыз педагогикалық конференциясы мен секция отырыстарын өткізу

тамыз

Абдурасулов Ш.

Есеналиева М.

7

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім-25 шың» туристік-өлкетану бағытындағы құзға өрмелеу, тау, су және жаяу туризмнің техникасы бойынша жарыстар өткізу

тамыз

Шаухаров А.

8

Оқушылар спартакиадасы шеңберінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізу

қыркүйек

Шаухаров А.

9

Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында тақырыптық тесттер базасын құру

қыркүйек

Есеналиева М.

10

Оқушылар арасында « Ақбота» интеллектуалдық марафонын өткізу

қыркүйек-қазан

Бабашева Л.

11

Дарынды оқушылармен жұмыстың жаңа технологиялары және оларды пән олимпиадаларына дайындау тақырыбында аудандық семинар-кеңес

қыркүйек

Есеналиева М. Бабашева Л.

12

«Бейбітшілік пен келісім»тақырыбында ашық сабақ өткізу

қыркүйек

Есеналиева М.

Бабашева Л.

13

Жылдық есеп өткізу барысы жайында семинар-кеңес өткізу

қыркүйек

Иманбекова Ф.

14

Халықаралық тілдер күніне орай «Мәңгілік тіл – мәртебелі тіл» атты шығармашылық байқау өткізу

қыркүйек

Есеналиева М.

Спаналиева И.

15

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Ең үздік ашық сабақ» атты байқау ұйымдастыру

қыркүйек

Есеналиева М.

Бабашева Л.

16

«Жылдың үздік психологі» атты аудандық  байқауын өткізу

қыркүйек

Бабашева Л.

Сабитбекова Р.

17

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында әдістемелік қызметті жетілдіру жолдары» тақырыбында аудандық шеберлік мектебін ұйымдастыру

қыркүйек

Есеналиева М.

18

«Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың білім сапасын арттырудың негіздері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізу

қараша

Маутаева Қ.

19

«Ана тілім – қасиетім, ардағым» Қазақстан халқы  тілдері фестивлін ұйымдастыру және өткізу

қыркүйек

Спаналиева И.

 

20

 Отбасы күніне арналған (14 қыркүйек) «Отбасы бақыт мекені» атты апталық өткізу

қыркүйек

Иманбекова Ф.

 

21

« Еңбек күніне» орай кәсіпорындар базасында ашық есік күнін ұйымдастыру

қыркүйек

Иманбекова Ф.

 

22

Мектеп оқушылары арасында  Президенттік олимпиада өткізу

қазан-қараша

Спаналиева И.

23

Оқушылар арасында « Руский медвежонок» халықаралық лингвистикалық ойынын өткізу

қазан

Спаналиева И.

24

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным!» атты кітап көрмесінің айлығын ұйымдастыру

қазан

Иманбекова Ф.

 

25

Ауданда қорғаншылар мен қамқошыларды, патронат тәрбиешілерді қолдауға арналған «Қамқоршы күні» мерекесін ұйымдастыру

қазан

Унетаев Н.

 

26

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Тәуелсіздік толғауы» патриоттық әндер байқауын өткізу

қазан

Иманбекова Ф.

 

27

«Тұғыры биік Еліммен мақтанамын!» аудан білім мекемелерінде флеш-моб өткізу

қазан

Иманбекова Ф.

 

28

Қазақ халқының аса көрнектi қоғам қайраткерi, ғұлама ағартушы, жаңашыл педагог, этнограф, публицист, жазушы Ыбырай Алтынсариннiң туғанына 175 жылдығына орай «Ыбырай әңгімелерінің тағылымы» атты саханалық көрініс байқауы

қазан

Спаналиева И.

29

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада өткізу

қыркүйек

Сабитбекова Р.

30

Өзін-өзі тану мұғалімдері арасында үздік интеграциялық сабақ байқауын өткізу

қазан

Сабитбекова Р.

31

Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тұғыры биік Еліммен мақтанамын!» атты флэш-моб

қараша

Иманбекова Ф.

 

32

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Мәңгілік ел – нұрлы болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу

қараша

Спаналиева И.

Сұлтанбекова А.

 

33

«Мемлекет басшысының өмірлік жолы мен тұлғалық феномені: білім алушылардың лидерлік қабілеттерін дамыту» тақырыбында конференция өткізу

қараша

Иманбекова Ф.

 

34

«Қауіп» тобындағы балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жүргізудің инновациялық формалары мен әдістері» тақырыбында оқыту семинар-практикум өткізу

қараша

Иманбекова Ф.

Ағатаева М.

Сабитбекова Р.

 

35

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанын ұйымдастыру

қараша

Сабитбекова Р.

36

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Тәуелсіздікке 25 жыл: өткені,бүгіні,келешегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізу

желтоқсан

Иманбекова Ф.

 

37

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына

8-10 сыныптар арасында ғылыми жобалар байқауын өткізу

желтоқсан

Спаналиева И.

Сұлтанбекова А.

38

Мектеп оқушылары арасында Президенттік олимпиада өткізу

қазан-қараша

Спаналиева И.

39

Дүниежүзілік АҚТҚ, ЖҚТБ-ға (СПИД-ке) қарсы күрес күніне арналған айлық ұйымдастыру

1қараша-1желтоқсан

Сабитбекова Р.

40

Республикалық пән олимпиадасының ауданыдық кезеңін өткізу

желтоқсан

Абдурасулов Ш.

Удерова Қ.

Есеналиева М.

Дүрмекбаева Г.

41

«Мәңгілік ел» идеясы: тәуелсіздік мұраттары мен тарих сабақтастығы» атты аудандық форум ұйымдастыру

желтоқсан

Спаналиева И.

Сұлтанбекова А.

42

Оқушылар арасында     «British Buldog» ойын-байқауын ұйымдастыру

желтоқсан

Бабашева Л.

43

Облыстық «Зерде» шығармашылық зерттеу жұмысының аудандық сараптау кезеңін ұйымдастыру

желтоқсан

Бабашева Л.

44

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жасампаздығы мен жарқын болашағы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізу

желтоқсан

Есеналиева М.

Спаналиева И.

Сұлтанбекова А.

45

Мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми-жобалар жарысын өткізу

желтоқсан

Спаналиева И.

Сұлтанбекова А.

46

Байзақ ауданы  әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша өткізу

желтоқсан

Есеналиева М.

Иманбекова Ф.

Ағатаева М.

 

ХІ. Мониторинг және бақылау

Іс-шаралар  атауы

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен қамту жұмыстарын зерделеу

әр тоқсан сайын

Алимбекова Б.

2

2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша  Республикалық орташа көрсеткіштен төмен нәтиже көрсеткен мектептердегі мектепішілік бақылаудың жүзеге асырылуы жағдайын зерделеу

Қыркүйек-желтоқсан

Удерова Қ.

Есеналиева М.

3

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының кеңес мәжілісінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында: педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттесттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының сақталу деңгейін зерделеу

қазан

Абдурасулов Ш.

Есеналиева М.

4

2016 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік есеп және бала асырап алу есебінің мониторнгін жасау

желтоқсан

Унетаев Н.

5

Білім беру мекемелерінде0-18 жастағы  балаларды есепке алу,оқушылар қозғаласын зерделеу

қыркүйек

Удерова Қ.

6

Білім беру мекемелерінде мектеп оқушыларын бір мезгіл  ыстық тамақпен қамту және  «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  жекелеген санаттардың тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметкөрсету стандарттарының орындалуын зерделеу

қараша

Удерова Қ.

7

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының қорғалу жағдайын зерделеу

қараша

Унетаев Н.

10

Мектеп оқушыларының 2016-2017  оқу жылында оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілу жайын зерделеу

тамыз-қыркүйек

Иманбекова Ф.

11

Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту бойынша ақпарат

әр ай сайын

Удерова Қ.

12

Мектеп жасындағы балаларды ыстық тамақпен қамту бойынша ақпарат

әр ай сайын

Удерова Қ.

13

Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау,білім сапасын жақсарту бағытында жүргізілген жұмыстарды зерделеу

қыркүйек-желтоқсан

Удерова Қ.

Есеналиева М.

14

Жалпы білім беретін орта мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының ұйымдастыру деңгейін зерделеу

қараша

Удерова К. Есеналиева М.

Иманбекова Ф.

15

«Мәңгілік ел» орталықтарының жұмыстарын зерделеу

қараша

Иманбекова Ф.

Ағатаева М.

16

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының орындалуына бақылау жасау

жыл бойына

Унетаев Н.

 

 

26. 08. 2016  жыл               396

 

 

        

 

Байзақ ауданы білім қызметкерлерінің

2016 жылғы тамыз педагогикалық

кеңесіндегі тапсырмаларды орындау туралы

 

 

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №410 бұйрығына және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2016 жылғы 19 шілдедегі №405 бұйрығына сәйкес өткізілген тамыз педагогикалық кеңесіндегі тапсырмаларды орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында Байзақ ауданы білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша-1).

2. Жоспарда берілген тапсырмаларды орындауды бақылау білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ш. Абдурасулов пен әдістемелік кабинет меңгерушісі М. Есеналиеваға жүктелсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.

 

 

      Басшы                                      Д. Ускумбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

Аудандық білім

 бөлімінің басшысы

_________ Д. Ускумбаева

26. 08. 2016  жыл

(қосымша-1)

 

«Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында Байзақ ауданы білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатындағы

іс-шаралар жоспары

 

Атқарылатын жұмыстар

Мерзімі

Жауапты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

1

Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтардың сапалық құрамын көтеру

Жыл бойы

Балабақша меңгерушілері

2

Тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігін сақтауды қатаң бақылауда ұстау

Жыл бойы

Есеналиева М.

Маутаева Қ.

Балабақша меңгерушілері

3

Асханалардың жұмысына, тәрбиеленушілерге берілетін ыстық тамақтың сапасы мен ас мәзірінің жасалуына  баса назар аудару

Жыл бойы

Есеналиева М.

Маутаева Қ.

Балабақша меңгерушілері

4

Балабақшалар желісін ұлғайту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізіндегі балабақшалар ашу жұмыстарын басты назарда ұстау

Жыл бойы

Абдрасулов Ш.

Дурмекбаева Г.

 

Жалпы орта білім беру

1

Нәтижеге бағытталған оқыту процесін кеңінен пайдалану, талдамалық жұмыстарды сапалы жүргізу, пән мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктерін арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру

Жыл бойы

Мектеп басшылары

2

Бастауыш сыныптағы білім сапасын арттыру бағытында индикатор құрып, жоспарлы жұмыс жүргізу

Жыл бойы

Есеналиева М.

Маутаева Қ.

Мектеп басшылары

3

Негізгі пәндер бойынша (математика, химия, биология, Қазақстан тарихы) білім сапасын арттыруға бағытталған нәтижелі жұмыстар жүргізу

 

Жыл бойы

Есеналиева М.

Амреева Ұ.

Спаналиева И.

Мектеп басшылары

4

  Оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған логикалық есептерді шығаруға дағдыландыру

Жыл бойы

Мектеп басшылары

5

Жас мамандарға тәлімгер тағайындап, тәжірибелі ұстаздардан шығармашылық топ құру

қыркүйек

Мектеп басшылары

6

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарына баса назар аудару:

1) мектептегі кадрлардың құрамына талдау жасау;

2) мектеп оқушыларын ұстаздық мамандыққа тарту жұмыстарын жүргізу (кәсіби бағдар беру, кездесу өткізу және т.б);

3)  болашақ ұстаздарды бүгінгі мектеп оқушыларынан тәрбиелеу.

Жыл бойы

Мектеп басшылары

7

Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін мектептердің материалдық-техникалық базасын қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, штаттық кестесіне дефектолог, тәрбиеші бірліктерін енгізу

Қыркүйек-қаңтар

Білім бөлімі

Дүрмекбаева Г.

8

Балаларды қосымша білім берумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатындаоқу жоспарының вариативті бөлігін пайдалану

Жыл бойы

Мектеп басшылары

9

Демеушілерді тарту арқылы мектеп жанынан спорт алаңдары мен спорт залдарын ашу (спорт залы жоқ 17 мектеп)

Жыл бойы

Мектеп басшылары

10

Қосымша білім беру ұйымдарында техникалық, туристік үйірмелер ашу

Жыл бойы

Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары

11

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамын  орындау мақсатында педагог кадрларға ағылшын тілін үйрету курстарын ұйымдастыру

Жыл бойы

Мектеп басшылары

12

Рейтинг бойынша кемшіліктерді зерделеп, іс-шара жоспарын құрып, нақты жұмыстар атқару

қыркүйек

Білім бөлімі

Есеналиева М.

Мектеп басшылары

13

Дарынды балалармен жұмысты жандандыру: «олимпиада резервтері», «Жас ғалымдар» мектебін құрып, нәтижелі жұмыс жүргізу

Қыркүйек, жыл бойы

Есеналиева М.

Мектеп басшылары

 

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ

БАСПАСӨЗБАЯНЫ

 

Мерзімі: 2016 жылғы 25 тамыз, сағат 09.00-де.

Болатын орны: әл-Фараби атындағы мәдениет үйі.

Тақырыбы: «Білімді ел – мәңгі ел».

Қатысушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы, Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев, оның салалық орынбасарлары, аудандық мәслихаттың хатшысы Тлепов Нұржан Сейдазымұлы, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы, аудандық ардагерлер кеңесі, бөлім басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ұстаздар қауымы, жергілікті БАҚ өкілдері.

Тамыз кеңесінің мақсаты: Ұстаздар қауымымен жасалған жұмыс, атқарылған міндеттер мен жеткен жетістіктерді ой елегінен өткізіп, алда тұрған басты негізгі мәселелер жөнінде пікір алысып, білім саласының жұмысын жаңа серпіліспен  бастауға бағыт беру.

Білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру-Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыхалқымыздың ежелгі арманы «Мәңгілік Ел» биігіне жетер жолды анықтап, алда атқарылар межелі істерді белгілеп берді. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған.

Байзақ ауданының білім жүйесі қызметі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, жалпы орта және мектептен тыс білім беру желісін қамтиды.

Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі барысында аудандық білім беру саласының жұмысы бейнефильм арқылы баяндалып, "ХХІ ғасыр жағдайында Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беруді жаңғырту: болашаққа бағдар" тақырыбында Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызының баяндамасы тыңдалады.

Сонымен қатар, мәжіліс жарыссөзінде Сарыкемер орта мектебінің директоры Нәметқұлов Мұхит Жанұзақұлы "Заманауи білім беру ұйымы басшысының зерттеушілік, жобалық және тәжірибелі-эксперименттік әрекеттері", Бурыл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Үкібаева Құралай Ысқаққызы "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясы негізінде оқушыларды патриотизмге, азаматтық, толеранттылық және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу", "Гүлсім" балабақшасының әдіскері Уразбекова Нағима Баймаханқызы "Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі мазмұнын жаңарту" тақырыптарында және  жас маман Дихан тірек мектебіне матемтаика пәнінен «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген Молдабекова Таңшолпан Әлиқызыжұмысқа орналасудағы қуанышымен бөлісіп сөз сөйлейді. 

Бүгінгі күн - білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына, білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне, болашақ мамандардың сауатты, білімді болуына байланысты болып отыр. Мұны білім саласынадеген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырғандығының дәлелі деуге болады.  Осыған байланысты кеңесте облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Сәтбекқызы мен аудан әкімі Мұратхан Жүісәліұлына сөз беріледі. 

Білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

Ел болашағын қалыптастыру - ұстаздар қауымынан басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі