click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2016 жылғы балалардың жазғы сауықтыру, демалу және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жұмыстары туралы мәлімет

Байзақ ауданы білім беру мекемелері бойынша жалпы оқушы саны 17342 (2015ж-16543) болса,  1-10 сыныптар арасындағы бала саны 16535 (2015ж-15868) құрайды.  2016 жылдың жазғы сауықтыру, демалу және жұмыспен қамту жұмысына  оның 16535-100 % (2015ж-13510-85%) қамтылып отыр.

          Балалардың жазғы сауықтыру, демалу және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру масатында жалпыға міндетті қор есебінен қала сыртындағы лагерге 300 оқушы-1,8% (2015ж-136 оқушы- 0,8%) қамтылып,   оған 6000,0 мың теңге (2015ж- 2448,0 мың теңге) бөлінді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 164 балаға артып отыр.

 Мектеп жанындағы ыстық тамақпен қамтылатын жазғы лагерлерге 1335 оқушы-8,1 % (2015 ж-1259 оқушы-7,9%).  Оған 2838,0 мың теңге (2015ж-1890,0 мың теңге) бөлініп отыр. 

           Мектеп жанындағы жазғы лагерге демеушілер тарапынан қамтылатын оқушылар саны 6843—41,3% (2015ж-3993-25,1%), тамақ ішуді ұйымдастырмайтын мектеп жанындағы лагерлерге қамтылғандар саны-8051 оқушы- 48,6% (2015 ж-8122 оқушы-51,1%) және  «Балдәурен», «Бөбек» сауықтыру орындарына баратын 6 (0,03%) оқушының тартылуы жоспарланған.  

          Сонымен қатар, мектептер мен мектептен тыс мекемелердегі әртүрлі үйірмелерге тартылған оқушылар саны-5248 оқушы-31,7%, еңбек жасақтарына 1691 оқушы-10,2 % (2015ж-870-6,4%)  және туристік саяхаттар мен экскурсияларға қамтылғандар 1799 оқушы 10,8 % болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі