click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні

Байзақ ауданы әкімінің орынбасары С.Кенжебаевтың 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары- Нұрлы жолмен» атты  жоспарына сәйкес білім бөлімі тарапынан төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылып өтті.

 «Мәңгілік ел» идеясы және балалар құқығын қорғау мәселелері» тақырыбында аудандық «Ауыл жаңалығы-«Сельская новь» газетіне (2016 жылғы 25 мамыр күнгі №64-55) мақала жарияланды.

         1 маусым күні А.Суханбаев атындағы балалар саябағында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен   «Қазақстан балалары-Нұрлы жолмен!» атты балалар мерекесі өткізілді. Іс-шараға 800-ден астам бала қатысты.

Іс-шара барысында аудандық көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен саябақтың бір жағында,  «Балалар арбаты» тақырыбында балаларға арналған көпшілік көрме және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мольбертте сурет салу және сурет салудан түрлі көңілді ойындар өткізілсе, екінші жағында, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің бақытты ұландары» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді.

Сонымен қатар,  аудандық саз мектебінің «Бақытты балалық шақ»,  аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Балалар бақыты-болашақ бақыты» тақырыбындағы ән-сазды бағдарламалары көпшіліктің  назарына ұсынылды.  

Мерекелік іс-шара аясында қатысушы балаларға  демеушілер тарапынан 1300 дана тегін балмұздақтар сыйға таратылды.

Осы  күні барлық  мектептерде  мектеп жанындағы лагерлердің ашылу салтанаттары ұйымдастырылып,  балалар арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыстар, ән-сазды концерттік  бағдарламалар, көңілді ойындар өткізілді. Демеушілер тарапынан тегін балмұздақтар таратылды.

 Акция барысында  мектеп  кітапханаларында  «Бар жақсылық -балаларға» тақырыбында  іс-шара өткізілсе, «Біз бейбіт өмірді бейнелейміз!» тақырыбында асфальтта  сурет салудан байқау ұйымдастырылды.

Мереке күні «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында балабақшаларда мерекелік ертеңгіліктер өткізіліп,   мерекелік ас мәзірлері ұсынылды.

Акция  аясында балабақшаларда « Біз ойнаймыз, күлеміз, күннің нұрын сүйеміз!» тақырыбында ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, ертегілер қалашығында түрлі қазақ ертегілерінен көріністер көрсетілді. Сондай-ақ, «Сәбилерге – туған ел шуағы» қайырымдылық акциялары өткізіліп, түскен қаржыға балаларға қажетті құрал-жабдықтар, бұйымдар алынды.

Мектеп жанындағы лагерлерде оқушылардың кестеге сәйкес облыстық, аудандық мұражайлар мен тарихи орындарға саяхатқа шығуы жоспарлы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 16 мектеп жанындағы лагердің балалары облыстық мұражайлар мен тарихи орындарға саяхат ұйымдастырды.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілетін қуыршақ театры, мульфильмдер, балалар фильмдерінің қойылымын балабақшаларда және мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде көрсету кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда «Арыстан мен тышқан достығы» ертегісі мен балалар мультфильмдері көрсетілуде.  

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде «Қазақстан балалары-Нұрлы жолмен!» атты 1-10 маусым аралығында өткізілген акцияның қорытындысы есебінде   «Өлкемнің гүл жайнаған балғындары» тақырыбында флеш-мобтар ұйымдастырылып өткізу жоспарланып отыр.

1-маусым күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы  аудандық «Ауыл жаңалығы-«Сельская новь» газетіне (2016 жылғы 04 маусым күнгі №59) мақала жарияланды.

  


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі